Қоғам

Сот орындаушылары жалақы берешегін қайтару қамында

 

 

Сот орындаушыларының қарамағында еңбек заңнамасын бұзып, жұмысшыларының жалақасын төлемей жүрген петропавлдық кәсіпорындарға қатысты 26 іс болыпты. Қазіргі күні қызметкерлер алдындағы 17 млн теңгеден астам қарыз қайтарылып, 16 құжат орындалған.

 

Валентина Зуйкина,СҚО Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы:

-Жыл басынан 139 қызметкерге жалақы төленді. Дегенмен әлі 10 құжат департамент қарауында жатыр. Әрине көп жағдайда біздің сот орындаушыларының араласуы нәтижесінде жұмыс берушілер белгілікті шараларды қолдана бастайды. Жуырда біз «Транспортник» ЖШС- не тиесілі КАМАЗды айып тұрағына қойдық. Содан кейін ғана олар өтеуі тиіс еңбекақыны қайтарды.

 

Кәсіпорындар үшін бірінші орында тұруы тиіс жалақыны уақытылы төлеу мәселесі, неге екені белгісіз көптеген мекемелерде соңғы орынға шығып қалады екен. Сондай серіктестіктердің бірі 1 жыл бойы жұмысшының жалақысын кешіктіріп келеді.

 

Валентина Зуйкина, СҚО Сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы:

– «Қазақстанның азықтүлік одағы” ЖШС өткен жылдың сәуір айынан бері бір қызметкеріне жалақысын төлемей келеді. Қазір жиналған сома 600 мың теңгеден асады. Кәсіпорынның банктер алдындағы қарызы да шаш- етектен, дегенмен олар ақша пайда бола қалған жағдайда ең алдымен қызметкерге жалақы төлейтін болады.

 

Облыс бойынша 246 млн теңгенің 131 құжаты сот орындаушыларының қарауында болыпты. Солардың 141 млн теңгеден астамы қазір жұмысшыларға қайтарылған.

 

Мағжан Ахмадина