Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар Сочиде өткен Паралимпиада ойындарынан оралды

 

 

Қайрат Канафин Сочидегі паралимпиада ойындарында жекелей сында биатлон, шаңғы жарысы және спринтке қатысып 17-ші орынға тұрақтады. Ал, эстафеталық шаңғы жарысында 10-шы орыннан көрінген. Бұл – оның ең жақсы көрсеткіші.

 

Қайрат Қанафин, мүгедектер арасында шаңғы спортынан ҚР спорт шебері:

– Мен шаңғы спринтінде 50 елдің жақсы деген спортшыларымен бағымды сынадым. Жарыс алдында бойымды қорқыныш пен үрей биледі. Бірақ, мен алғашқы ондыққа енемін деп өзіме мақсат қойдым.

 

Мүгедектер арасында шаңғы спортынан ҚР спорт шебері Елена Мазуренко да жарыста дайындық деңгейіме сай нәтиже көрсеттім дейді. Ол 1 және 5 шақырымдық шаңғы жарысында 16-шы орынға қол жеткізді.

 

Елена Мазуренко, мүгедектер арасында шаңғы спортынан ҚР спорт шебері:

-Бізге Сочидегі ойындар оңайға соққан жоқ. Онда жеткен жетістіктерім үшін ең алдымен жаттықтырушыларым Иван мен Мария Дробязкоға мың алғысымды айтамын. Ол екеуі бізге шын сенді. Жақсы көрсеткіш солардың бізге қосқан үлесі деп білемін.

 

Қайрат Канафин мен Елена Мазуренко мұнымен тоқталмақ емес. Шамалы демалыстан кейін олар енді өз бақтарын Оңтүстік Кореяда өтетін жазғы Азия ойындарында үстел теннисі, жүзу және шахматтан бақтарын сынап көрмек.

 

Берік Қасен