Қоғам

“Қолжетімді баспана-2020” бағдарламасын жүзеге асыру барысы

 

 

Жылдан-жылға өңірімізде құрылыс саласы қарқын алып келеді. 2012 жылмен салыстырғанда былтыр бұл көрсеткіш 14 пайызға артқан. Солай, өткен жылы теріскейде «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 115 мың шаршы метр көпқабатты нысан бой көтеріп, 1143 баспана иесі қоныс тойын тойлаған.

 

Серік Махметов, СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнап, жалпы ауданы 20 мың шаршы метрге жуық 4 жалдамалы-коммуналдық үй қолданысқа берілді. Жас отбасыларға арналып 2 және тұрғын үй-құрылыс жинақтау жүйесі арқылы тағы 2 көпқабатты үйде қоныс тойы тойланды.

 

Жалпы ағымдағы жылы 118 мың шаршы метр баспана салу көзделіп отыр.

 

Серік Махметов, СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

-2014 жылы Петропавл қаласындағы Береке ауданында 45 пәтерлі баспана қолданысқа беріледі. Оған облыстық бюджеттен 96 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Тағы 819 млн теңгені құрайтын республикалық трансферт пен облыстық қазынадан бөлінген 460 млн теңгеден астам қаржыға 72 пәтерлі үй облыс орталығында бой көтереді. Бұл жұмыстар Тайынша және Ғ.Мүсірепов аудандарында да жүргізілмек.

 

Брифингте журналистер «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын да сұрастырды.

 

Гүлнар Қали, МТРА тілшісі

– «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүргізу үшін биылғы жылы қаржы мөлшері арта ма?

 

Серік Махметов, СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

-Өткен жылы біз 8 ауданда сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен қалыпқа келтіру жұмыстарына 2 млрд 7 млн теңге қаржы жұмсадық. Жалпы бізде бағдарлама 2020  жылға дейін жүргізіледі деп жоспарланған. Біз барлық жұмыстарды уақытылы жасап келеміз.

 

Ағымдағы жылы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 34 сумен жабдықтау нысанын қалыпқа келтіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2 млрд 93 млн теңгеден астам қаржы бағытталған.

 

Мағжан Ахмадина