ТЖ

Қар суы жеке үйлерге кіріп жатыр

 

Қауырт жұмысқа құтқарушылар мен Есіл, Қызылжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарының күші де тартылды. Бір тәуліктің ішінде 7 жарым мыңға жуық текше метр су шығарылып, кәріздік жүйенің 323 метрі аршылды. 1 сәуірдегі ақпарат бойынша, Петропавлдағы 31 баспананы су басқандығы жайында хабар келіп түскен. Мұнда құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі тәулік бойына жұмыс жасауда. Қазірдің өзінде қала тұрғындарынан диспетчерлік орталыққа қоңыраулар келіп түсуде.