Kurultai banner mobile

Қоғам

Еңбек ардагері Ерембек Әубәкіров 75 жаста

 

Саналы ғұмырында өңір экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосқан жерлесіміз Ерембек Әубәкіров 75 жасқа толып отыр. Ерембек Жәмшитұлы тың және тыңайған жерлерді игеруге де атсалысты, бірқатар мемлекеттік наградалардың иесі. Туған күн иесін әріптестері мен замандастары құттықтады.

Ерембек Әубәкіров кеңес өкіметі кезінен халық қалаулысы   болған. 1994-2007 жылдар аралығында алғашқылардың бірі болып облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы қызметін атқарған.

Ерембек Әубәкіров 1962 жылы Новосібір ауыл шаруашылығы институтында инженер-механик мамандығын меңгерген. Өзінің еңбек жолында ол талай әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысыпты.

Ерембек Әубәкіров әлі де болса, қоғамдық жұмыстарға атсалысатынын айтады. Және еңбегінің еленгеніне дән риза.

 

Бану Ахметова