Мәдениет

Асабалар байқауы

Юлия Долганованың асабалық қызметте жүргеніне шамамен 3 жылдай болыпты. Осы уақыттың ішінде ол кәсібінің қыр-сырын біраз меңгеріп, тәжірибе жинақтап алған. Үміткер байқауда “Стиляги-шоу” атты ойын бағдарламасын ұсынды.

Юлия Долганова қалада өтетін мерекелік бағдарламаларға жиі шақырту алып тұратын көрінеді. “Сұраныс бар жерде, сапа бар” – дейді ол.

 

Юлия Долганова, сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

-Мен мерекелік шараларға жиі қатысамын. Өйткені, өзіме адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлаған ұнайды. Бұл кешке арнайы дайындалып келдім, жарыстағы бәсекелестерім осал еместігін білемін. Көбінесе, үйлену тойларында асаба қызметін атқарамын.

 

15 сайыскерді қазылар алқасы арнайы әзірлеп әкелген ойын бағдарламасынан бөлек, олардың орындау шеберлігін, әртістік өнері мен көрермендерді қызықтырып, тарта білуіне қарай бағалайтын болады.

 

Таңат Бейсенбаев, Облыстық халық шығармашылығы орталығындағы қазақ шығармашылығын дамыту бөлімінің басшысы:

-Бұл байқаудың басты мақсаты – тұрғылықты халықтың еңбек демалыстарын, демалыс уақыттарын өткізу.  Шылым шегуге, нашақорлыққа қарсы жағдайында өткізіліп жатыр. Солардың арасындағы осындай  дүниелерді болдырмаудың амалымен ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастрылып отыр.

 

Өнер додасының қорытындысы бойынша әрбір үміткер 10 балдық жүйемен бағаланбақ. Үздіктер дипломдармен марапатталады.

 

Бақыт Сәдуақасов