Білім

Оқушылардың білімдерін сырттай бағалау науқаны өтеді

 

Бүгінгі семинарға келген мұғалімдерге солтүстікқазақстандық оқушылардың оқу деңгейін сырттай бағалаудың мониторингін жасау қажет. Дәл осы ұстаздар сынақ науқаны басталғанда бақылаушы-сарапшы болып тағайындалады. Сондықтан өңіріміздің мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары осы жиында бас қосып отыр. Семинарда оларға шәкірттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың барысы түсіндірілуде. Әл-Фараби мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Шәкенова осымен екінші рет бақылаушы-сарапшы болып тағайындалғалы отыр. Ұстаз бұл өте жауапты іс екендігін айтады.

Биылғы жылы 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау науқаны сәуірдің онынан басталады. Тесті өңіріміздегі 48 жалпы орта білім беретін 1200-ге жуық оқушы тапсырады. Бірақ, әзірге қай білім ошағының оқушылары сынаққа ілігетіні беймәлім. Оны, облысымыздағы 500-ден астам мектептердің арасынан білім министрлігі таңдайтын болады.

 

Наталья Клемент, СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы:

-Оқушылар 4 пән бойынша сынақтан өтпек. Олар биылғы жылы қазақ тілі, география, химия, дүниежүзі  тарихы бойынша тест тапсырады. Сынақ, сәуірдің 9-ы мен 25 аралығында өтеді.

 

Былтырғы жылы бұл науқаннан 27 мектептің оқушылары өткен болатын. Оның ішінде тек екі білім ошағы ғана компьютер арқылы тест тапсырса, қалғандары қағаз жүзінде сынақтан өткен. Нәтижесінде біздің облыс 2013 жылы республика бойынша 32,8 ұпайға қол жеткізген.

 

Бану Ахметова