Қоғам

“Нұр Отан” партиясының құрылғанына 15 жыл

 

 

 

Қазақстанның қарыштап дамуына іскер әйелдер қауымының қосып жатқан үлесі аз емес. “Нұр Отан” партиясы құрылғаннан бері нәзік жандылар барлық жұмыстардың басы-қасында жүр. Отырысқа жиылған көшбасшы әйелдер осы уақыт аралығында партиямен бірге ауқымды істер атқарылды дейді.

Жиында, сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асу барысы да назарсыз қалған жоқ. Дөңгелек үстел отырысына бірнеше жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар іскер әйелдермен пікір алмасып, қызықтырған сауалдарын қойды. “Нұр Ару” жастар гендерлік клубының мүшелері білікті нәзік жандылардың ақылына құлақ асып, өз кәдеңе жаратуға болады дейді. Олар табыскер әйелдер сияқты ел дамуына үлес қосуды мақсат қойған.

Бүгінде “Нұр Отан” партиясы облыстық филалы мүшелерінің 66 пайызын нәзік жандылар құрайды. Іскер әйелдер бас партия қатарындағы бұрымдылардың санын арттырып, олардың қоғамда алар орнын одан бетер нығайту жолында жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

 

Бақыт Сәдуақасов