750 петропавлдық қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады тегін

Қоғам

15:57 31 Наурыз 2014

Қоғамдық көлікте 1 жыл бойы тегін жүруге мүмкіндік беретін  билеттің біразын облыстық зағиптар қоғамы алды. Бүгінде ұйымға облыс бойынша мыңға жуық адам мүшелік етеді. Оның 400-і қалада тұрады екен. Мұндай билет солардың 286-сына табыс етілді.

Еркебұлан Аманжолов, “Қазақ зағиптар қоғамы” ҚБ  СҚОФ төрағасы:

– Бұл біз үшін үлкен көмек. Бізде ай сайын жиналыс болып тұрады. Жұмасына үш рет үстел теннисінен жарыстар өткіземіз. Міне, соған осы проездной билет жақсы. Зағиптар 1 аялдама болсын тегін жүргеніне риза.

Осындай жеңілдетілген көмекке зәру адамдардың барлығын қамтуға аталған қауымдастықтың қаржылық мүмкіндігі жетпейді. Сол себепті олар алдағы жылдарда да бұл билетті 750 адамға таратумен шектелеміз деп отыр.

Галина Семенова, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

-Бұл көмекті Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандар, Ауған соғысының ардагерлері, «Асыл ана» мен «Наша семья» қоғамдарының мүшелері 5 жылдай алып келеді. 2012 жылы олардың қатарына «Адон Север» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамы қосылды. Және үйінде мүгедек бала асырап отырған 17 анаға да өткен жылдан бастап көмек көрсетудеміз.

Билеттің биылғы безендірілуі былтырғыға қарағанда мүлде өзгеше. Мұның бәрі жүргізуші мен жолаушыға ыңғайлы болу үшін жасалған дейді қауымдастық төрайымы Галина Семенова.

Галина Семенова, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

-Енді, мына көгілдір түсті билет жарамсыз. Оның орнына мынадай ақшылт-қызғылт түсті үлгісі шықты. Оны бүгін алған ұйымдар 4-ші сәуірге дейін қоғамның әлжуаз топтарына таратып үлгеруі тиіс.

Бүгінде Петропавлда 25 бағыт бойынша тұрақты жолаушы тасымалдаумен 9 ұйым айналысады. Олардың барлығы қоғамның әлжуаз тобын бұл билетпен 2015 жылдың аяғына дейін автобус, троллейбус және шағын автобустармен 1 жыл тегін тасымалдауға міндеттелген.

Берік Қасен

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да цифрландыру күндері өтіп жатыр
Мүгедек жандар өнерлерін паш етті
Ұлттың тірегі де, алтын арқауы да – қазақтың әжелері
Көктемгі су тасқынына әзірлік
Шаһарда ханшайымдар байқауы өтті
Әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады
“Арман” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына – 20 жыл
Солтүстікқазақстандық жастар пікірлерімен бөлісті
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді
Ақжар ауданының әкімі атқарылған істі баян етті
Еріктілердің «Ізгілік елшісі» атты басқосуы өтті