Салық басқармасы

Жылдық декларация тапсыру мерзімі аяқталып келеді

 

Салық басқармасының мамандары салықтөлеушілерді бірнеше күннен кейін жылдық есепті тапсыру мерзімі аяқталатындығы жөнінде ескертуде.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қалалық салық басқармасы бөлімінің бас маманы:

-Корпоративті табыс салғы, жекеменшік табыс салығы, мүлік, жер және көлік салығын төлейтіндер мерзімді ұзарту жөнінде өтініш тапсырғанда ғана, салықтарды өтеу күні шегеріледі. Корпоративті табыс салығы мен жекенменшік салық төлеушілер үшін ол 30 күнтізбелік күн болса, өзгелерге 15 тәулікті құрайды.

 

«Хаирова» ЖК ашылғанына көп болған жоқ. Өткен жылы автокөліктерді техникалық тексеруге құрылған кәсіпорын бүгіндері декларацияны тапсырып үлгерген. Мұндағылар заң бәріне ортақ, сондықтан оны сақтау әр азаматтың міндеті дейді.

 

Ирина Хаирова, «Хаирова» ЖК директоры:

-Біз өзімізге тиесілі 220 форманы салық органдарына тапсырып қойдық. Жалпы наурыздың 31-не дейін төлеуге болар еді. Бірақ біз ерте күнді кеш қылмай, декларацияны өткіздік. Бұл әрбір салық төлеушінің міндеті.

 

Ал есепті уақытылы тапсырмағандар әкімшілік жауапкершіліке тартылады.

 

Лилия Әбілева, Петропавл қалалық салық басқармасы бөлімінің бас маманы:

-ҚР кодексінің «Әкімшілік құқықбұзушылық» жөніндегі 206-шы бабына сәйкес, салық төлеуші есепті уақытылы тапсырмаса, онда ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік қызметкерлерден басқасына алғашында ескертпе жасалады. Тек кейін ғана 15 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады.

 

Ал мемлкетттік қызметшілер декларацияны уақытылы тапсырмаса, онда олар бірден 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төйлейді. Ал ол 92 мың теңгеден асады.

 

Мағжан Ахмадина