Билік

Облыстық мәслихаттың 24-ші сессиясы

Облысымызда 28 аурухана, 84 амбулаторлық-емхана және 53 дәрігерлік амбулаторлық пункт бар. Бүгіндері сол емдеу мекемелерінде 1389 дәрігер, 4 мыңнан аса орта медициналық қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда аймағымызда 233 дәрігер жетіспеушілігі байқалады. Соның 87-сі ауылдық елді мекендерде екен. Әсіресе, терапевт және жедел жәрдем қызметкерлері, педиатр, акушер- гинеколог, неврапотолог сынды тар көлемді мамандар тапшылығы айқын сезілуде. Облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдық жерлерді былай қойғанда, тіпті Петропавл мен қалаға іргелес жатқан кей аудандардың өзінде ақ халатты абзал жандардың жетіспеушілігі байқалған.

 

Қабдырахман Сақтағанов, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазір Қызылжар мен Шал ақында -10 дәрігерден, Тимирязев ауданында  8 маман жетіспейді. Облыс орталығы медициналық ұйымдарында әр саладағы дәрігерлер тапшылығы байқалып отыр. Айталық, Облыстық балалар ауруханасында-16, Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығында- 22, №2-ші емханада-21, медициналық колледжде- 16, 3-ші қалалық ауруханада- 15 дәрегер жетіспейді.

 

Көп жағдайда жас мамандардың аймағымызға асыға қоймайтындығы әлеуметтік пакеттің аздығы мен баспана берілмейтінідігінен болып отыр. Айталық, өткен жылы Ғ.Мүсірепов ауданында- 4, Айыртауда-6, Аққайыңда- 3, Тимирязевте- 2 маманға көтермеақы мүлде берілмеген.

 

Светлана Кашенцева, облыстық мәслихат депутаты:

– Ең алдымен баспана мәселесін шешу қажет. Кезектен жай да шаршап келген дәрігер, еш жағдай жасалмаған үйге келгісі де келмейді. Сондықтан бізде мынадай өтініш бар. Шал ақын ауданындағы босайтын аурухананы жас мамандарға арнап үй жасап берсе жақсы болар еді.

 

24-ші сессияны аймақ басшысы Самат Ескендіров қортындылады. Ол жиында қаралған алғашқы сұрақ барлығымыздың назарымызда болу керек дегенді айтты. Жас мамандарды жұмысқа тарту, тікелей аурухананың бас дәрігерлерінің мойынына жүктелуі керек. Ал жаңадан келген ақ халатты абзал жандарды баспанамен қамту мәселесі, жергілікті атқамінерлермен бірлесіп шешілуі тиіс деді өңір жетекшісі.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– Кадр мәселесі ең алдымен аудан, қала, облыс бас дәрігерлеріне жүктелуі керек. Баспана мәселесі және көтермеақымен қамтылу біздің аймағымызда  өзгелерге қарағанда төмен екен, мұны да ескеру қажет. Аудан әкімі баспана мәселесін шеше алмаса, бас дәрігерлер тікелей маған келіп, осы сауалды көтеруге болады. Бар кадрларды қайта даярлауға жіберіңіздер, тәжірибе алмассын. Екі жыл ішінде мәселені шешуге болады.

 

Сонымен қатар жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Самат Ескендіров өңіріміздегі агроөнеркәсіп саласындағы ілгерілеушілікті де атап өтті. Ағымдағы жылы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен субсидия көлемінің 60 пайызға артқандығы байқалады. Бұл дегеніміз қосымша 5 млрд теңге қаржы.

 

Мағжан Ахмадина