Спорт

“Есіл-Виктория” волейбол клубының екінші жеңісі

 

Осыған дейінгі кездесуде солтүстікқазақстандық волейболшылар семейлік ойыншыларды ұтқан болатын. Бүгінгі тартыста павлодарлық команданың мықты екендігін біле тұра, өңір ойыншылары осалдықтарын көрсетуге тырыспады. Бірінші кездесу қонақтар пайдасына шешілді.

Екінші, үшінші кездесуде павлодарлықтар есепті еселеуге барынша тырысып баққанымен одан түк шықпады. Керісінше “Есіл-Виктория” командасы оңтайлы сәттерді ұтымды пайдаланып, есепті өз пайдасына шешті.

Жерлес құрамаға қолдау білдіруге облыс әкімі Самат Ескендіров арнайы келді. Ақтық кездесуде жергілікті волейболшылар жеңіске жету жолында аянбай тер төгіп, бапкерлерінің ақыл-кеңестерін орынды пайдалана білгеннің арқасында павлодарлық командадан басым түсті.

 

Марат Шақшақбаев, “Есіл-Виктория” волейбол клубының бас бапкері:

-Павлодарлық волейболшылармен әр кездесуіміз тартысты өтеді. Екі команданың жас ерекшеліктері де бірдей десем болады. Сондықтан да қай команда ойыншыларының психологиялық дайындығы жоғары болса, сол басымдыққа ие болары анық. Ал техникалық жағынан екі команда тең дәрежеде.

 

Өңірлік қолдоп шеберлерінің ойынын тамашалап, жанкүйерлік білдіруге келген қалалықтардың да саны біршама.

 

– Бірінші партияны жеңді, екінші партияда да жақсы ойын көрсетті. Қуаныштымыз, осындай жеңіске жете берсін біздің команда.

– Ойын өте қызықты өтуде. Әрине өзіміздің командаға жанкүйер болып келіп отырмыз. Жерлестеріміз жеңіске жететіндеріне сенеміз.

– Мен немеремді ертіп келіп отырмын. Жергілікті командаға сәттілік тілеймін.

 

Барлық командалардың арасында бәсекелестік жоғары. Жергілікті волейболшылар 2 кездесу өткізіп, ұпай санымен Семей мен Павлодар құрама командаларын артта қалдырды. Келесі кездесуде жерлестеріміз Орал қаласының «Жайық» командасымен кездеспек.

 

Бақыт Сәдуақасов