Қоғам

Қала көшелерін қардан тазарту жалғасуда

 

Биыл қар биылтырғыдай көп түспесе де, аз болған жоқ. Әлі күнге көктемнің бел ортасында әлсін-әлсін жауып қояды. Бірде қатып, бірде еріп жүруге қиындық тудыруда. Бұл – көктем келердегі қалыпты құбылыс. Дегенмен, қалалық әкімдік те қол қусырып отырған жоқ. Коммуналдық қызметтер қыстан бері күндіз-түні қар шығарумен әлек. Жуырда облыс әкімінің сайтына Жұмысшы кентіндегі Островский көшесі, 82 мекен жайының бір тұрғыны еріген қар суынан көлшіктің ортасында отырмыз деп шағымданса керек. Петропавлдың басшысы Төлеген Закариянов бастаған осы шаруаға жауапты бір топ мамандар бірден осы маңға келді. Шын мәнісінде, бұл жер әжептәуір құрғақ болып шықты.

 

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Халықтың сұранысы бойынша бір кәсіпорын Жұмысшы кенті мен Ойқалада, екінші кәсіпорын Бензострой кентінде Московский қысқа көшесі мен Московский көшесіндегі мекен жайларда қар шығарумен айналысуда.

 

Бүгінде қаланы қардан 5 мекеме тазалауда. Бас мердігер – “Су 808” кәсіпорны. Серіктестік директоры Виктор Ли ортақ іске тұрғындардың өздері де атсалысса екен дейді.

 

Виктор Ли, “Су – 808” ЖШС директоры:

-Кейбір тұрғындар тазалау жұмыстарына немқұрайлы қарайды. Өз ауласындағы қарды ұзақ сақтамай, көшеге уақытында шығарып отырса, жақсы болар еді. Өйткені, көбісі біз ақ ұлпаны жиып алып кеткеннен кейін ғана пысықсып жатады. Бұдан еңбегіміз зая кетеді.

 

Коммуналдық қызметтердің жұмысын күнделікті көріп жүрген тұрғындар көшенің қардан тазартылуына тағатын мін жоқ дейді.

 

Тамара Паничук:

-Биыл қарды жақсы шығарып жатыр. Бұрын осы жаққа аса келе қоймайтын. Көшеміз тап-таза.

 

Тағы бір айта кететін жайт, Жұмысшы кентіндегі Побелянский мен Панфилов көшесінің қиылысында “СК РЭК” кәсіпорны жаңа қосалқы бекет орнатуда. Содан маңайдағы тұрғындар 6 сағат бойы жарықсыз отырса керек.

 

Александр Черников, “СК РЭК” АҚ қалалық электр желілерінің бас инженері:

-Осында 40 жыл тұрған ескісі жерге шөге бастады. Оған су тисе, апаттық жағдайда істен шығуы мүмкін еді. Мына жаңа жинақтық трансформаторлық бекеттің арқасында жарық үздіксіз беріліп тұрады.

 

Осындай бір бекеттің құны – 5 млн теңге. Кемінде 25 жылға шыдас береді. Мамандар ауыстыру жұмыстарын кешке дейін аяқтайды.

 

Данаш Хамзина

 

MsoNormalТағы бір айта кететін жайт, Жұмысшы кентіндегі Побелянский мен Панфилов көшесінің қиылысында