Қоғам

Петропавлда әлеуметтік бейімдеу орталығын кеңейту қажет болып отыр

 

 

Кезінде шаруасы шатқаяқтаған “Қызылжар су” кәсіпорнының бүгінде істері өрге басты. Қазір баланстарында 310 шақырымға жуық су құбырлары мен 240 шақырымнан артық кәріздік желілер бар. Олардың үздіксіз жұмыс істеуі кәсіпорынның мойнында.

 

Жеңіс Сұлтанов, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

-Абоненттеріміздің саны 91 170. Олардың 72 пайызын тұрғындар құрайды. Былтыр жалпы сомасы 963 миллион теңгені құрайтын 14 миллион текше метрге жуық су пайдаланылды. Бұқараға көрсетілген қызметтен түскен қаражат 1 миллиард 665 миллон теңге. Ол кәсіпорын шығынан толығымен жабуға жеткіліксіз. Тұрғындар суға үнемділік таныста деген ұсыныс бар.

 

Облыс орталығында тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар саны жыл санап артпаса, кемір емес. Облыс орталығында үй-күйсіздерді әлеуметтік бейімдеу орталығы жұмыс істеп тұр. Алайда ол барша қаңғыбастарды паналатуға қауқарсыз. Әрі тозығы да жеткен аталмыш нысан 1910 жылы салыныпты.

 

Мереке Мұхамедияров, Петропавл қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің жетекшісі:

-Облыс орталығында әлеуметтік бейімдеу орталығы 2000 жылы ашылған болатын. Ол 50 орынға шақталған. Алайда қыстың күні онда келушілер саны екі есеге дейін өседі. Одан инфекциялық аурулар тарау қаупі бар.

 

Жиында сондай-ақ темір тордың ар жағынан жазасын өтеп шыққан жандарды еңбекпен қамту мәселесі төңірегінде әңгіме өрбіп, облыс орталығынң архитектуралық келбетін ажарландыру тұрғысында да сөз қозғалды.

 

Жасұлан Ахметов, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:

-Күн тәртібінде қаралған сұрақтар бойынша фракция мүшелері шешімдер қабылдап, өз ұсыныстарын да айтты. Негізгі назар аударғандары екінші мәселе. Облыс орталығында жаңа бейімдеу орталығын ашу қажеттігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Бұдан облыстық мәслихат депутаттары құлағдар болды. Түйін шешімін табады деген ойдамыз.

 

Жоғарыда аталған мәселелердің әрқайсысын жеке-жеке талдаған халық қалаулылары бұлардың барлығы бұқараға ортақ проблема дейді. Оны бірлесіп шешуіміз қажет.

 

Самат Есмағи

 

Самат Есмағи