Қоғам

Балабақша қызметіне негізсіз тексерістер кедергі жасаған

 

 

48 балаға тәрбие беріп жатқан “Добрая сказка” жеке меншік балабақшасы осыдан 1,5 жыл бұрын ашылған. Мұнда өртке қарсы қауіпсіздік пен санитарлық талаптардың барлығы дұрыс сақталған. Алайда, мектепке дейінгі мекеме әкімшілігінің айтуынша, оларды соңғы кезде еш себепсіз өрт, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалу қызметі мен білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері жиі тексеріп кеткен. Олар мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын бақылаудан көз ашпадық деп отыр.

 

Виталий Михаилов, “Добрая сказка” ЖШС директоры:

-Біз ата-аналардың сұрауы бойынша қазақ, ағылшын тілдеріне 2 сағатты артық бөлдік. Ал, бұл мектепке дейінгі білім стандартына сай емес. Және 4 тәрбиешіміз қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтпеді. Осы үшін білім саласындағы бақылау департаменті бізге 37 мың теңгенің айыппұлын салды. Оған қоса әкімшілік жазаға тартып, сотқа шақырды.

 

Қазір тексерістер жиілеп кеткендіктен ата-аналар балаларын балбақшадан әкетіп жатыр. Осыған ашынған мекеменің директоры Виталий Михаилов шағын және орта бизнес субъектілерінің құқығын қорғайтын облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Кейін анықталғандай, мемлекеттік қызметкерлерге балабақшадағы білім беру талапқа сай емес деп осыған дейін аталған балабақшаға баласын әкеліп жүрген жалғыз басты ана арызданған болып шықты. Тексерістер сол шағым негізінде жүргізілген. Жеке кәсіпкер, шағымданған әйел, баланы бақшаға әкелу және әкету тәртіптерін сақтаған емес дейді. Бұл екі жақты даудың тууына әкелген. Өшін алмақ болған нәзік жанды балабақша заң талаптарына сай жұмыс істемейді деп мемлекеттік органдарға шағым жазған.

 

Асқар Махмет, СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

-Біз жеке кәсіпкер Виктор Михаиловты шағымын тікелей прокуратураға жолдадық. Онда сот шешімі бойынша кейін анықтағандай білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары аталмыш жеке меншік балабақшаны жоспардан тыс әрі заңсыз тексерген болып шықты. Сол үшін олар әкімшілік жазаға тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

 

Жыл басынан облыстық кәсіпкерлер палатасына шағын және орта бизнес субъектілерінен 200-ден астам арыз келіп түскен. Сондықтан сіздерді құзырлы орган өкілдері осындай жоспардан тыс және заңсыз тексерістермен мазалап жатса, дереу облыстық кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыздар. Олар сіздердің құқықтарыңыздың толық қорғалуына кепілдік береді. Оған қоса, үстіміздегі жылдың 2-ші сәуірінде осы түйіткілді мәселеге нүкте қоятын Елбасы бекіткен мораторий өз күшіне енбек.

 

Берік Қасен