Спорт

Петропавлда жоғары лигадағы волейбол командаларының кездесуі өтті

 

 

Ерлер арасындағы волейбол ойынын Шығыс Қазақстаннан келген “Семей” және петропавлдық “Есіл-Виктория” командалары бастады. Екі жақтың қол доп шеберлері әу дегеннен осал еместіктерін көрсете білді. Алғашқы минуттан қарсыластар бір-бірінің аумағына бірнеше рет гол салып, екі жақта допқа деген қызу талас орын алды. Бірінші кездесудің қорытындысы бойынша қонақтар ұпай санымен алға шықты.

Ал 2-ші және 3-ші кездесуде жерлес команда ұпай санымен қонақтарды шаң қаптырды. 6 команданың арасында өңір волейболшылары өткен жылғы чемпионаттарда лайықты қарсылас атанып үлгерген. Жеткен жетістіктері де аз емес. Солтүстікқазақстандық ойыншылардың деңгейін бас төреші де жоғары бағалауда.

 

Аман Сұлтанов, ҚР құрметті жаттықтырушысы, ойынның бас төрешісі:

-Чемпионаттың алғашқы көрсеткіштері бойынша алдыңғы орында Шымкент қаласының ойыншылары келе жатыр. Оның ішінде жергілікті “Есіл-Виктория” командасы да көш бастап тұр деуге толықтай негіз бар. Барлық волейбол командалары 4-ші кезеңге жіті дайындалып келгендіктері байқалады.

 

Ойын қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жерлестеріміз қонақтардан басым түсті. Қол доп шеберлерінің 5-ші кезеңі сәуір айында Шымкент қаласында жалғасын табады.

 

Бақыт Сәдуақасов