Қоғам

Өңір құтқарушылары Ұлыстың Ұлы күнін тойлады

 

Наурыз мейрамы достықтың, татулық пен бірліктің нышаны. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында тойланатын бұл күнде кең дастархан жайып, наурыз көже дайындалады. Өңіріміздің құтқарушылары да осы дәстүрден ауытқымай, №1- ші өрт сөндіру бөлімінің маңында киіз үй тігіпті. Ал қазанда палау мен наурыз көже пісіріліп жатыр.

 

Әділбек Никибаев, СҚО ТЖД № 1 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі:

-Наурыз бұл жақсы мейрам. Оны барлық түркі халықтары тойлайды. Наурызда дастархан бай болу керек. Сондықтан біз бүгін көже, палау дайындап жатырмыз.Мереке құтты болсын.

 

Бұл күні ән-жырдан шашу шашылып, мың бұралған бишілер көпшілікке өз өнерін көрсетіп жатты.

Құтқарушылар 8 құрамаға бөлініп, ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынады. Өрт сөндірушілер гір көтеру, арқан тарту, аударыспақ сынды бірнеше сайыста өнерлерін көрсетті.

 

Ринат Ілиясов, СҚО ТЖД Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:

-Қарсыластар мықты болды. Бірақ мен күштірек болдым. Бүгін мейрам өте қызықты өтіп жатыр.Ән айтылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

 

Спорттық жарыс жеңімпаздары грамота және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

Мағжан Ахмадина