Қоғам

Наурыз – бірлік мерекесі

 

«Дудар-ай» әнін естімеген жан кем де кем шығар. Мөлдір сезім мен шын ғашықтықтан туған ән ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан табиғаттың жаңарған шағында осындай әдемі ән бойға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Көпшіліктің сүйікті сазына айналған бұл әуенді Қазбек Байтеміров наурыз мерекесіне арналған шарада сахнаға нақ осы оймен алып шыққан. Жалпы ол қазақы салт- дәстүрлерді жастайынан бойына сіңіріп өсіпті. Күн мен түннің теңелетін шағы Наурыз мейрамы да оның сүйікті мерекесі.

 

Қазбек Байтеміров, «Ұрпақ» мәдени-ағарту орталығының мүшесі:

– Бұл біздің дәстүріміз. Сондықтан ата- бабаларымыздан қалған салтты жалғастыруымыз керек.

 

Наурыз – бұл барлық түркі халықтарын біріктіретін, ұлық мереке. Оны 5 мың жылдан астам уақыттан бері тойлап келеді. Көктемнің алғашқы айында аталып өтілетін мейрам шығыс халықтарының ерекше шаттықпен қарсы алатын мерекесі.

 

Гүлбақша Мұсабаева, «Ұрпақ»мәдени-ағарту орталығы ҚБ атқарушы директоры:

-Табиғат жаңарып, барлық шығыс халықтарының әнмен, бимен қарсы алатын мерекесі. Барлығы сахнада әндерін айтып қуануда.

 

Бүгіндері елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс татулықта, бірлікте тұрмыс кешуде.

 

Мағжан Ахмадина