Қоғам

Жобалау компаниялары қызметкерлеріне арналған семинар

 

 

Енді жобалық-сметалық құжаттарды қабылдау ғаламтордағы www.epsd.kz порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік сараптама өкілдерінің айтуынша, электронды құжат алмасу сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, шамадан тыс қағазбастылықты азайтады.

 

Валерий Дорошенко, «Госэкспертиза» РМК СҚОФ директорының міндетін атқарушы:

– Бұл ең алдымен ашықтықты қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұрын жобалау құжаттарын том-томдап көтеріп арқалап әкеліп жүретін болса қазір енді оның бәрінен арыламыз. Сараптама барысында жобалаушымен интернет арқылы тілдесеміз. Жоба бойынша ескертпелерді айтып, соның жауабын алып отыру осының барлығы электронды форматқа ауысады. Сосын тапсырыс берушілер жалпы сараптаманың қалай өтіп жатқанын кез-келген сатысында қарап одан хабардар болады.

 

Семинар-кеңеске қатысушылар электронды құжат алмасудың қыр-сырын үйренуде. Құрылыс компаниясының өкілдері үшін бұл жүйені түсіну әзірге қиынға соғуда. Десе де, алдағы уақытта бұған да етіміз үйреніп кетеді дейді.

 

Тамара Колкова, «Севгражданпроект» ЖШС директоры:

-Бұл бағдарлама өте күрделі. Сондықтан әлі біраз оқып, үйрену қажет. Жыл соңына дейін жүйені меңгереміз. Әрине бұл жаңашылдықтың жақсы тұстары көп. Уақыт үнемдеп, жемқорлыққа тосқауыл болады.

 

Ал мемлекеттік сараптама өкілдері бұл тың жаңашылдықты енгізуге сақадай сай. Оған мекеменің техникалық мүмкіндіктері де жеткілікті.

 

Мағжан Ахмадина