Спорт

Жеткіншектер арасында боулингтен қалалық турнир өтті

 

15 жылдың ішінде “№1 Боулинг-Орталығы” қала тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Бұл спорт түріне деген қызығушылық көбеймесе, кеміген емес. Оған мектеп оқушылары арасында жиі ұйымдастырылатын міне, мынадай жарыстар дәлел. Ойын-сауық кешенінің әкімшілігі осылайша, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсенді түрде атсалысуда.

 

Ботагөз Жүнісова, “№1 Боулинг-Орталығы” ойын-сайық кешені директорының орынбасары:

-Қанша дегенмен, боулинг ойыны балаларға қатты ұнайды. Өйткені, олар осында шүйіркелесіп, өздеріне дос табады. Сол себепті, олар біз ұйымдастыратын жарыстарға қуана-қуана қатысады.

 

Қалалық турнирде 18 мектептен келген 11-13 жас шамасындағы оқушылар жарысуда. Ойын ережесі қиын емес. Бар болғаны, кеглиді шармен соғып құлатып, ұпай жинау қажет.

 

Сәлима Басанова, қалалық классикалық гимназия мұғалімі:

-Біздің балаларымыз осы жерді жақсы көреді. Жыл сайын келеміз. Жәй да демалысқа келеміз. Жарыстарға қатысып жүрміз.

 

Бұнда ең бастысы – жылдамдық емес, дәлдік керек. Бірден бәрін көздеп үйрену үшін ең алдымен ұзақ дайындалу қажет екен.

 

Алтынбек Айтмағанбетов, қалалық классикалық гимназия оқушысы:

-Бар үмітім – жеңу. Боулинг орталығына осындай сайыс ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді.

 

Мария Селиванова, №32 орта мектеп оқушысы:

-Боулинг – өте қызықты ойын. Мені оған әкем үйретті. Жарыс өте қызықты және көңілді өтіп жатыр.

 

Спорттық таласта №32  орта мектеп оқушылары жеңді. 2-ші орын №17-ші мектептің еншісінде. Ал, үздік үштікті №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері тұйықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, мақтау қағазы және тегін боулинг ойнауға мүмкіндік беретін “флаерлер” табыс етілді.

 

Данаш Хамзина