Білім

Петропавл Әскери институтының құрылғанына – 17 жыл

 

Ішкі әскер – тәуелсіздіктің тірегі, ел тыныштығының қорғаны. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен әскер қатарына шақыртылып, білім қуып келген жастар саны артуда. Бұл орайда, Отан қорғаушыларға жүктелген міндет зор. Сондықтан жас сарбаздардың қиын да күрделі әскери қызметті адал әрі жауаптылықпен орындауға әрдайым даяр болуы керек екендігі өмір қағидаты болып табылады. Ел қауіпсіздігі мен халық тыныштығын қамтамасыз етуде, Петропавлдағы әркери институттың алар орны ерек. 17 жыл ішінде аталмыш оқу ордасы 2280 сардар даярлап шығарған. Бүгіндері солардың барлығы мемлекетіміздің түрлі әркери құрылымдарында еңбек етуде. 13 рет түлектерін қанаттандырған білім ошағы қазір офицерлерін мақтан тұтады.

 

Жұмабек Ахметов, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтытының басшысы:

– Институтта мықты деген педагог кадрлар жинақталған. Олар сарбаздарға жақсы тәрбие мен білім беріп келеді. Түлектеріміз өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр. Бұл әрине біз үшін қуантарлық жайт.

 

Осынау салтанатты күні антына адал, сертіне берік бірқатар әскерилер облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қадағалап, азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген бірқатар әскерилер “Қазақстан полициясына- 20 жыл” төсбелгісімен марапатталды. Солардың қатарында Қанат Дайыров та бар.

 

Қанат Дайыров,ҚР ІІМ ІӘ Әскери институты оқу бөлімінің басшысы:

-Бүгін міне осындай марапатқа ие болып отырғаныма қуаныштымын.

 

Сапалы әскер – ел тірегі. Сондықтан білікті мамандар дайындап жүрген оқу ордасын мерекемен құттықтауға келгендер де институттың әлі бағындырар асулары алда екендігін айтты.Онымен қоса білім ошағы 5 жыл қатарынан шетелдерге де офицерлер дайындап келеді.

 

Мұхометқали Сатов, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

-Біз 5 жылдан бері Тәжікстан мен Қырғызстанға лейтенат дайындап жүрміз. Біздің офицерлеріміз өз міндетін адал атқарып келеді.

 

Биыл оқу ордасына 200-ден астам сарбаз қабылданған. Ал жалпы қазіргі таңда мұнда 850 курсант білім алуда.

 

Мағжан Ахмадина