Спорт

Кәсіпорындар қызметкерлері арасындағы спартакиада

 

 

Алғашқы болып жарыс жолына ерлер құрама командалары шықты. Араларында тәжірибелі жүзгіш Иван Игнатов та бар. Ол уақыт тауып, бассейнде шомылып тұруды әдетке айналдырған. Ереже бойынша жүзгіш 50 метрлік қашықтықты бағындыруы тиіс.

 

Иван Игнатов, “Оңтүстік Орал темір жолының” қызметкері:

-Мұндай жарыстарға үнемі атсалысып, қатысып отырамын. Бір жағынан, денсаулыққа да пайдалы. Демалыс күндері бассейнге келіп, суға түсіп отырамын.

 

Қыздар жағы да ерлерден кем түспей, суда жүзуден шеберліктерін көрсетуде. 25 метрлік шақырымда алдына жан салмаған жүзгіштің бірі – Алена Дудкина. Жеке есептік қорытынды бойынша ол 1-ші орынға жайғасты.

 

Алена Дудкина, “СевКазЭнерго” АҚ қызметкері:

-Суда жүзу сайысына алғаш қатысып жүргенім жоқ. Бұл спорт түрінде жылдар бойы жинақталған мол тәжірибем бар. Осы спартакиадада жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын.

 

Суда жүзу жарысына осы жолы қаланың 6 мемлекеттік кәсіпорыны қатысып отыр.

 

Жанат Мұхаметгалеев, Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-«Қазақтелеком, «Севказэнерго», «Оңтүстік Орал темір жолы», «ЗИКСТО», «ПЗТМ» кәсіпорындарының қызметкерлері жүзуден жарысқа түсуде. Әр команда құрамында 2 ер және 2 әйел адамнан. Ерлер 50 метрлік қашықтықты, ал қыздар 25 метрді бағындырулары қажет.

Жүзгіштер спартакиадасының қорытындысы бойынша ерлер арасында 1-ші орынды Оңтүстік Орал теміржолынының қызметкері Иван Игнатов иемденсе, ал қыздар арасында 1-ші орынды «Севказэнерго» кәсіпорнының намысын қорғаған Алена Дудкина еншіледі. Жалпыкомандалық есепте 85 ұпаймен Оңтүстік Орал теміржолының қызметкерлері алға шықты. Әуесқой жүзгіштердің барлық жеңімпаздарына медальдар мен грамоталар табыс етілді.

 

Бақыт Сәдақасов