Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үкіметте “Нұр Отан” партиясының 2017 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасының жүзеге асырылу барысы қаралды

 

Биыл «Нұр Отанның» құрылғанына 15 жыл. Көшбасшы партияның алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі халықтың бірлігін бекемдей отыра, бұқараның әл-ауқатын арттыру. Бүгінде жетекші партия сайлауалды тұғырнамасының 75 пайызы нақты салаларды дамытуға бағытталған. Ол “Қазақстан-2050” стратегиясындағы басымдықтармен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Тек өткен жылдың өзінде еліміз бойынша 800 мыңнан астам қазақстандық партияның көмегіне жүгініп, өз мәселелерінің түйінін тарқатыпты. Бұдан бұқараның партияға деген сенімінің қаншалықты екендігін аңғаруға болады. Ұлт көшбасшысының міндеттерін тиісті деңгейде жүзеге асыруда алдыңғы қатарлы өңірлер арасында біздің облысымыз да бар. Бұл ақпараттардың барлығы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің хабарламасында көрініс тапты. Бұдан соң сөз алған бірқатар министрліктердің өкілдері тұжырымдаманы жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді. Өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі – 6, халыққа қызмет көрсету деңгейі – 6,7, өнеркәсіп өндірісі – 2,3, жұмыссыздар деңгейі – 5,2 пайызды құраған. Қолжетімді баспана бағдарламасын жүзеге асыруда былтыр 6,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, 200 мыңнан астам қазақстандық қоныс тойын тойлапты.. Аталмыш көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Жиынды қорытындылаған Серік Ахметов қол жеткізген жетістіктермен шектеліп қалмау керектігіне тоқталып, 2017 жылға дейінгі тұжырымдамадағы міндеттер жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы тиістігін атап көрсетті. Ол еліміздің өркендеуі үшін қажет.

 

Самат Есмағи