Құқық қорғау органдары

“Мигрант” шарасы басталды

 

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер теміржол вокзалы, базарлар, құрылыс нысандары мен ойын-сауық орталықтарын қатаң бақылауға алды. Себебі ол жерлер шетелдік келімсектердің көп шоғырланатын орны болып табылады. Тәртіп сақшылары аталмыш шара барысында «Алатау» базары аумағында Қырғызстан Республикасының 1995 жылы туған азаматын қолға түсірді. Ол онда ақпан айынан бастап заңсыз түрде жүк түсіруші болып жұмыс істеп келген.

Қазір аталмыш факті бойынша материалдар жиналып, әкімшілік сот қарауына жіберілді.

 

Руслан Нұрғалиев, СҚО ІІД заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі инспекторы:

-Қазір Петропавл қалалық әкімшілік соты шетелдік мигрантқа 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, оны ел аумағынан шеттету туралы шешім шығарды.

 

«Мигрант» шарасының бір күні ішінде тәртіп сақшылары еліміздегі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 66 келімсекті әкімшілік жауапқа тартса, соттың шешімімен 11 шетелдік елден шығарылып, тағы 11-не Қазақстанға уақытша кіруіне тиым салынды. Жедел алдын алу шарасы наурыздың 19-на дейін жалғаспақ.

 

Самат Есмағи