Қоғам

Мұз астына ауа жіберілуде

 

Бұл Қызылжар ауданындағы Долбива резервтік су қоймасы. Қазір мұнда табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 8 жұмысшысы 1 метр мұзды ойып, суды оттегімен қанықтырып жатыр. Өйткені, балықтар ауа тапшылығынан қырылып қалуы мүмкін.

 

Кәрім Әбдірахманов:

-Біздің жұмыс таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін. Осындай шараларды су астындағы балықтарға оттегінің жетіспей жатқандығынан жасап жатырмыз. Мынау сорғыны қолдану арқылы біз мұз астындағы суды оттегімен қанықтырып жатырмыз. Бірнеше жерден ой қаздық. Әрбіреуінің ара қашықтығы 15,20 метрден.

 

Мұз әсіресе ақпан айында қатты аяздар болған кезде қалыңдап кетеді. Содан бастап бұл жұмыстарды облыстық балық инспекциясы арнайы сараптама жүргізіп, судағы оттегінің мөлшерін біліп тұрады екен.

Марат Есімсейітов, СҚО балық инспекциясының бөлім жетекшісі:

-Қазіргі таңда 50-ден астам су қоймасында осындай шаралар өтіп жатыр. Жалпы облыс бойынша 13 мың ойықтар қазылды. Оған 100-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Бүгінде СҚО бойынша 384 балық шаруашылығына қолайлы су қоймасы бар. Оның тең жартысы мемлекет қарауында болса, қалғаны жалға берілген. Мамандар балығы бар өзен-көлдерде мұз ою жұмыстарының уақытылы жүргізілуін бақылап тұрады.

 

Илья Зейферт, СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі:

– Мониторинг көрсетіп отырғандай облыстағы көптеген су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 1 метрден асып кеткен. Бұл су жәндіктерінің қырылып қалуына әкелуі мүмкін. Жағдайды ушықтырмас үшін су көздерін үнемі қадағалап отырамыз.

 

Бұл жұмыстар мұз ерігенге дейін жалғаспақ.

 

Берік Қасен

 

margin-bottom: .0001pt;