Қоғам

«Қызылжар су» атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді

 

2013 жылы су құбырларының 10,5 шақырымы мен кәріздік жүйелердің 1,5 шақырымы жөндеу көрген. Жалпы қаламыздың сапалы,әрі таза сумен тұрақты қамтылуы нақ осы, «Қызылжар су» ЖШС қызметіне байланысты. Сондықтан өткен бір жыл көлемінде кәсіпорынның атқарған жұмыстары ауқымды. Оны кездесуге келген тұрғындар да байқаған.

 

Ольга Быкова,қала тұрғыны:

-Өткен жылы біздің үйде су қысымымен аздаған қиындықтар болды. Сондықтан жоғары қабаттарда су ақырын ағып тұрды. Осы сауалды бүгінгі кездесуде жолдадым. Маған қолдау көрсетіледі деді. Жалпы кәсіпорынның өткен жылғы жұмысы қуантады. Шағым түссе, тез арада келіп, апатты жылдам ауыздықтап отырды.

 

Өткен жыл қортындысы бойынша кәсіпорын 85 млн теңгеден астам табыс тапқан. Соның арқасында желілердегі жөндеу жұмыстарының тамырына қан жүгірген. Ол ысырап көлемін азайтуға да септесіпті. Теңге тиыннан құралады демекші, өткен жылы кәсіпорындағы шығын көлемі – 0,2 пайызды құраған. Өте аз көрсеткіш болғанымен, мұндағылар осылай ақырындап, оның да мөлшерін азайтамыз деп отыр. Тағы бір қуантарлығы, қазігі таңда кәріздік желілерді тазартуда ілгерілеушілік байқалады.

 

Сергей Визеров,«Қызылжар су» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Кәріздік желілердегі болатын ақауларды қазір біз жылдам анықтап, шешуге тырысамыз. Өткен жылы жаңа «КАУ» машинасын алдық. Ол жүйелерді шайып, тазартуға мүмкіндік берді. Соның арқасында кәріздік желілердегі ақаулар саны азайып отыр.

 

2013 жылы кәсіпорында қала жүйелерінің электрондық картасы жасалды. Ол апат орын алған жерлерді жедел түрде анықтап, дер кезінде жөндеуге септеседі. Бұл жүйені әлі де жетілдіре түсу мақсаты тұр. Жалпы серіктестіктің биылғы жылға жоспарлаған шаралары да ауқымды.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО департаментінің директоры:

-Биыл 2014 жылы инвестпрограмма мен жоспардың арқасында 750 млн қаражат жөндеуге жұмсалады. Қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Және де ең негізгі шаруа энергия үнемдеуге бағытталмақ.

 

Бүгіндері «Қызылжар су» ЖШС 308 шақырымнан астам су құбырына қызмет көрсетеді.

 

Мағжан Ахмадина

 

p class=