Спорт

Шаңғышылар күні

 

 

Шаңғышылар күні мерекесі «Денсаулық» фестивалі аясында ұйымдастырылып отыр. Оған қатысуға ниет білдірген петропавлдықтардың саны 1 мыңның үстінде.

 

Валерий Евдокименко, Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі:

– Қазір шаңғышылар өзара мықтыларды анықтауға кіріспек. Сайысқа қатысушыларды мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері мен еңбек ұжымдары қылып екі топқа бөлдік. Сондай-ақ додаға жастар спартакиадасы шеңберінде аталмыш ұйымдардың өкілдерін де қатыстырып отырмыз.

 

Аталмыш спорттық мерекенің облысымызда аталып өтіліп келе жатқанына 10 жыл. Шараны ұйымдастырушылар оған қатысуға ниет білдіргендер саны да жыл санап артып келеді дейді. Дәстүрлі сайыстан Сәбит Сыздықов пен Алтынбек Жаналиев  биыл да сырт қалған жоқ. Қылмыстық атқару жүйесі басқармасының қос қызметкері бұл жолғы турнирде бірінші және екінші орындарды өз қанжығаларына байлады.

Шаңғышылар күні мерекесіне ұйымдастырылған шараға ерлермен қатар нәзік жандар да қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Самат Есмағи