Мәдениет

“Менің Қазақстаным” суреттер байқауы

 

 

Бейнелеу өнері мұражайының қызметкерлері көрме залына іріктеуден өткен оқушылардың ғана үздік 45 жұмысын ілген. Ішінде әсіресе мына фелтинг техникасымен орындалған көнеден сыр шертетін киіз басу үлгісі бірден көзге шалынады. Өңгесі аралас техникада әзірленген. Мысалы мына натюрморт киізге түрлі-түсті жіптерді тоқып жасалған. Сондай-ақ, түстері үйлесімді көне петроглифтер де алыстан мен мұндалап тұр. Бұл туынды да киізде орындалған. Аталған еңбектердің авторы қалалық ЮНЕСКО клубы көркемөнер лицейінің тәрбиеленушілері.

 

Каролина Шульга, “Көркемөнер лицейі” МКҚК ЮНЕСКО клубы:

-Мен қазақ халқының ұлттық ойындарын, күнделікті тұрмысы мен салт-дәстүрін осылай елестетемін. Сурет салғанда ең бастысы жайма шуақ көктемдегі адамдардың көңіл-күйін беру үшін техникамда түрлі-түсті қарандаш, гуашь пен түске қанық бояуларды қолдандым.

 

Валерия Джаманчалова, “Көркемөнер лицейі” МКҚК ЮНЕСКО клубы:

-Конкурстарға бала кезімнен қатысып келемін. Жүлделі орындар жеңіп алғанымды айғақтайтын диплом, бағалы сыйлықтарым бар. Бұл жолы мен тақырыпқа сай қазақ елінің ұлттық биін билеп жатқан бойжеткенді бейнеледім. Мұндағы көкнар гүлі көктемнің келуімен жердің көктегенін аңғартады.

 

Бұл көрмеге 5 аудан мен қаланың мамандандырылған білім ұйымдарынан 5 пен 21 жас аралығындағы 109 суретшісі қатысты. Қылқалам шеберлері соның тек 45-ін ғана таңдап алыпты.

 

Жібек Жүзенова, СҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:

-Наурыз мерекесі қарсаңында ашылған 2-ші көрме. Оны біздің мұражай, қалалық білім бөлімі, көркемөнер лицейі және өнер колледжі ұйымдастырды. Бұл байқауға Жамбыл, Уәлиханов, Мамлют, Қызылжар аудандары да белсенді қатысты. Мұндағы суреттерінде балалар Наурыз мейрамымен байланысты ынтымақтыстық, ұлттар арасындағы достық ұғымдарын, табиғаттың жаңаруы мен адамдардың жақсы жағына өзгеруі сияқты қасиеттерді көрсетуге тырысты.

 

Байқау қазақ халқының салт-дәстүрлері, конфессияаралық рухани келісім, елдегі мерекелер, Астана, Петропавл қалаларының тарихы, мәдениеті, сәулеті сынды бірнеше аталымдарға бөлінген.

 

Жібек Жүзенова, СҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:

-Орындау жағынан түрлі жанрларды, бояларды алған, мүсін жағынан шағын пластиканы көрсеткен. Балалар орындау техникасы, деңгейіне байланысты бірнеше номинация бойынша  оқу жағынан білген кескіндеме, графика, мүсін жағын  көрсетті.

 

Байқау қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі диплом әрі ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ал, қалған белсенді қатысушыларға сертификаттар үлестірілді.

 

Берік Қасен