Білім

Кәсіптік бағдарлау форумдары жалғасуда

 

Осы күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқытушылары студенттерді 8 мамандық бойынша дайындауда. Аталған оқу ордасында ұйымдастырылған “Еңбек. Кәсіп. Болашақ” атты форумына қаланың биылғы жылғы мектеп тәмамдайтын оқушылары келіп отыр.

Оқу ордасы теміржол және экономика саласына қажетті мамандарды дарлайды. Жиынға колледждің бұрынғы түлектері де қатысуда, олар осы оқу орнына түсуге ниетті үміткерлерге ақыл-кеңестерін бермекші.

 

Дмитрий Светлаков, Петропавл теміржол көлігі колледжінің 2013 жылғы түлегі:

-Мен аталмыш білім ошағын 2013 жылы ойдағыдай аяқтап шықтым. Жұмысқа орналасар кезде еш қиындық туған жоқ. Колледж барлық жұмыс беруші мекемелермен тығыз байланыста. Қазірде теміржол саласында жемісті еңбек етудемін. Жалақым да жақсы, уақытылы алып тұрамын.

 

“Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” демекші, жиынға келген студенттердің көбісі болашағын теміржолмен байланыстырғысы келеді. Юлия Быкова 9 сынып оқушысы. Оның отбасы да осы салада табысты еңбек етуде.

 

Юлия Бычкова, №14 орта мектептің оқушысы:

-Өзім форумға қатысуға арнайы келдім. Өйткені бұл мамандыққа деген қызығушылығым бар. Оған қоса анам жолсерік қызметін атқарады. Сәтін салса осы оқу орнына түсуге ниеттімін.

 

Оқу орнының материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жарақталған.

 

Бақыт Сәдуақасов