Құқық қорғау органдары

Биыл 171 тәртіп бұзушы облыс аумағы арқылы ел шекарасын кесіп өте алмады

 

 

“Ақкөл” шекара заставасының жеке құрамына осындай пәрмен 2 түрлі жағдайда беріледі. Шекарада кезекшілік құрарда, екіншіден шекара шебі  бұзылған жағдайда. Сапта тұрған бұл әскери қызметшілерге еліміздің 64 шақырымын күзету сеніп тапсырылған. Тосыннан жағдай туындап қалса, оқиға орнына жедел жететін УАЗ маркалы автомобиль мен 2 су жаңа 100 аттың күшіне тең қарда зулайтын шана сақадай-сай тұр.

 

Олжас Мырзабеков, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі 2032 әскери бөлімінің “Ақкөл” шекара заставасының басшысы:

-Әр заставада 30 адамнан. Олардың жұмысы күнделікті еңбек заңына сәйкес 8 сағаттан аспайды. Тәулігіне 8 сағат демалады, 8 сағатты өздерінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланады.

 

Ақкөл заставасына қарасты шекараны көбінесе Орта Азия елдерінің азаматтары бұзып жататын көрінеді. Олар Қазақстанға жұмыс іздеп келеді. Құжаттары толық болмағандықтан, шекарадан рұқсатсыз өтіп кетуге дейін барады.

 

Ғафур Нысананбетов, 2032 әскери бөлімі “Ақкөл” шекара заставасы басшысының орынбасары:

-Менің негізгі бағытым ол халықпен жұмыс істеу. Біздің бақылауымыздағы шекара маңайында елді мекендер көп. Және біздің жұмысымыздың барысында олар бізге көп көмегін көрсетеді. Мен барлық азаматтармен жақсы байланыстамын. Олар застава нөмерін біледі. Егер бөтен біреуді ауылдарында көрсе, бізге жедел хабарлайды.

 

Академиядан енді ғана келген жас лейтенант алғашқы жұмыс күнінде бір қызық жағдайға тап болған.

 

Ғафур Нысананбетов, 2032 әскери бөлімі “Ақкөл” шекара заставасы басшысының орынбасары:

-Мен өзім азаматтық киім үлгісінде азаматшалармен бірінші танысқан кезімде олар мен туралы заставаға дереу жеткізген. Менің атым Ғафур болғандықтан, олар мені өзбек азаматы деп ойлап қалды.

 

Застава басшысы Олжас Мырзабеков мемлекетіміздің болашаққа алған бағыты бізге үлкен көмек дейді.

 

Олжас Мырзабеков, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі 2032 әскери бөлімінің “Ақкөл” шекара заставасының басшысы:

-Әсіресе Кеден одағы құрылғалы шекарадағы контрабандалық, тағы да басқа заң бұзушылықтар азайды. Өткен жылы 15 шекара режимін бұзушыны ұстадық. Және 5 мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстадық. Биыл жыл басынан 2 шекара режимін бұзушыны ұстадық. Яғни бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда азырақ.

 

Бұл жерде әскери қызметшілерде тек шекараны қорғау керек деген қатаң қағида қалыптаспаған. Олар төтенше жағдайларда осы маңдағы тұрғындарға көмектеседі. Ауыл тұрғындары қыстың суығына қарамай жолға шығып кететін кездер жылда қайталанады екен. Мәселен, 22 жасар салт атты бойжеткен көрші селоға жете алмай адасып, 5 күн жүрген. Қамбар ата төлі желдің өтіне жатып, қызды суықтан қорғап қалған.

Шекарашылардың айнымас серігі олардың иттері. Мұндағы үш ит  те өз алдына бөлек тапсырмаларды атқарады. Мәселен, “Диор” есірткі, контрафактілік заттарды табуға септессе, “Рид” ұсталған адамды не машинаны тапжылмастан күзетеді. Ал, «Иртыш» тек қана ізге түсіп, бұзақылардың жолын кесуге көмектеседі.

Бұл “Мамлют” (теміржол) шекара бақылау бөлімшесі. Күн сайын бекеттен 25 поезд өтеді. 4000-ға жуық жолаушы тексеріледі. Кейбіреулер көші-қон карточкаларын қолдан жасап алады екен. Мына Ресей азаматы солардың бірі. Ол көші-қон құжатындағы белгіленген 30 күніне тағы 2 ай қосып даталарын өз бетімен өзгерткен.

 

Ілияс Баяубаев, 2032 әскери бөлімі “Мамлют” (теміржол) шекара бақылау бөлімшесінің ауысым басшысы:

-Қазіргі таңда біз Владивосток-Пенза бағытындағы 133-ші поездан заң бұзушыны ұстадық. Ресей азаматы біздің елден 2 ай бұрын еліне оралуы тиіс еді. Оған әкімшілік жаза қолданамыз. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

 

Жалпы Қазақстан мен Ресей аралығындағы шекара 1000 шақырымнан астам. Оны 17 заставаның шекарашылары қорғайды. Өткен жылы әскери қызметшілер мемлекеттік шекараны бұзған 1463 тұлғаны ұстаған. 20 келі героин тәркіленген. Ал, биыл бақылау бекетінде контрабанда мен есіркіні алып өтпек болған 5 жағдай тіркелді.

 

Берік Қасен

 

mso-bidi-font-style: normal;mso-bidi-font-style: normal;