Энергетика

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету – басты міндет

 

Өткен жылы «Севказэнергосбыт» ЖШС инвестициялық бағдарлама арқылы жаңа құрылғылар мен жөндеу жұмыстарына 9 млн 916 мың теңге жұмсапты. Жаңғырту жұмыстарын да назардан тыс қалдырмаған кәсіпорын бұл мақсатқа 9 млн теңгеден астам қаржы бағыттаған.

 

Мағауия Сағындықов, «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры:

-Өткен жылы алдымызға қойылған барлық тапсырмаларды орындадық. Онымен қоса жылу есептегіш құрылғыларын орнату бойынша да істер жүйелі түрде жүргізілді. Сөйтіп, 86 тұтынушы осындай құралмен қамтылды. Жалпы біздің негізгі қызметіміз ол халыққа сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Келекшекте халыққа ыңғайлы болу үшін өз сайтымызды ашпақпыз. Ол үйде отырып-ақ ақпартты білуге мүмкіндік береді.

 

Мұндай кездесулердің өткізілуін кәсіпорын қызметкерлері де, қарпайым халық та қолдайды. Өйткені қордаланған мәселенің түйінін шешуге тиімді.

 

Сусанна Чилингарова, «Уваров» ЖК коммерциялық директоры:

-Мен есеп түбіртектеріне қатысты сауалымды жолдағанмын. Кәсіпкерлер үшін көп жағдайда берілетін счет-фактуралар түсініксіз болатын. Онда соманың қашан және қайда төленгені, қанша төлеу қажеттігі сол сияқты мәліметтер көрсетілмейтін. Келгесін маған барлығын түсіндіріп берді.

 

Жалпы кәсіпорын 230 мыңға жуық солтүстікқазақстандықтарды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Сондықтан да сапалы қызмет көрсету серіктестіктің алға қойған басты міндеті.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Өткен жылы халықтан ақпарат алу, есепті тапсыру бойынша көптеген наразылықтар туындайтын. Өткен жылдың аяғында кәсіпорын өзінің колл-орталығын ашты. Соның арқасында халық өзіне керек ақпаратты сол жерден ала алады.

 

Ағымдағы жылы серіктестік инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуына 12 млн теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

 

Мағжан Ахмадина