Спорт

Қазақ күресінен облыстық чемпионат

 

Чемпионатқа Шал ақын ауданынан келген Жандос Алтаев бірнеше кездесулер өткізіп, әзірге ұпай санымен алда келе жатыр. Ол болашақта тағы да кездесулер өткізбек. Палуан бұл спортқа 4 сыныптан бастап бет бұрыпты.

Болашағынан үміт күттіретін жасөспірімдердің енді бірі Сергей Грицай. 13 жасар спортшының күреспен айналысып жүргеніне 5 жылдай болыпты. Осы аралықта қалалық және облыстық жарыстарға шығып, көптің көзіне түскен екен.

 

Сергей Грицай, палуан, Петропавл қаласы:

-Мен қазақша күрестен өтетін жарыстарға үзбей қатысып отырамын. Осы 5 жыл аралығында біршама тәжірибе жинақтап алдым. Біріншіден мені әр жарысқа дайындайтын бапкеріме алғысымды білдіремін.

 

Өтіп жатқан іріктеу сынына облыстың 9 ауданы мен Петропавл қаласының 1999-2000 жылғы палуандары қатысып отыр. Олар 9 салмақ дәрежесі бойынша тартысқа түсуде. Қазақ күресінің ұйымдастырушылары өңірдегі бұл спорт түрінің даму деңгейін жоғары бағалауда.

2 күн бойы өткен облыстық чемпионатта 1 орыннан көрінген палуандар наурыздың 21-24 аралығында Қостанай облысы Лисаковск қаласында өтетін ел чемпионатына қатысатын болады.

 

Бақыт Сәдуақасов