Денсаулық сақтау

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жаңа құрылғы алынды

Туберкулезді диагностикалауға арналған мына аппарат ауруханаға бір апта бұрын жеткізіліпті. Оның жұмыс істеу жүйесін іске қосу үшін білікті маманның көмегі қажет. Сол себепті, алматылық мейман Ляйя Чингизова арнайы келген екен. Молекулярлық-генетикалық диагностикада қолданылатын 4 модульді аппарат сарапатама нәтижесін қысқа уақыттың ішінде әзірлейді.

 

Ляйля Чингисова, “ҚР ДСМ туберкулез мәселелері бойынша ұлттық орталығының” бактериолог-дәрігері, Алматы қаласы:

-Мұндай құрылғы елімізде 4 өңірде бар. Оның көмегімен туберкулезді 2 сағаттың ішінде, сондай-ақ, негізгі препараттарға азғаның тұрақтылығының бар-жоғын анықтайды. Бұны пайдалану да жеңіл.

 

Аппарат жүктелген тапсырманы толығымен автоматты түрде орындайды. Бір күннің ішінде оның көмегімен 16 сараптаманы әзірлеуге болады. Әрбір емделуші үшін арнайы жабық картридж қарастырылған. Бұл үлгіні ластанудан қорғап, зерттеу барысында жұқпалы ұсақ бөлшектердің пайда болуына жол бермейді.

 

Мейрамжан Кашкенов, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бактериологиялық зертханасының меңгерушісі:

-Бұл аппараттың құны – 17 мың АҚШ доллары. Сарапатама жүргізуге арналған әрбір картридж 10 доллар тұрады. Бізге қазір 300 картридж бар.

 

Зерттеудің нақтылығы 99 пайызды құрайды. Құрылғының ең бастығы құндылығы, оның жылдамдығында дейді дәрігерлер.

 

Данаш Хамзина