Қоғам

Экономикалық сотта қаралатын істер көбейіп келеді

Ағымдағы жылдың басынан СҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық сот 144 азаматтық істі қараған. Мамандар бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда айтарлықтай көп деп отыр.

 

Қайрат Шаймергенов, СҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

-2013 жылы 617 азаматтық іс қаралған. 518 істің шешімі шығарылды. 297-сі қанағаттандырылды. 221 қайта қайтарылған. Ал 2012  жылы тек 267 іс қаралыпты. Сонда өсім екі есеге артқаны байқалып тұр.

 

Судьялар көп жағдайда заңды белшесінен басатындар   құрылыс пен тауар жеткізілімі саласында еңбек ететіндер дейді. Қазір жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сынды, мемлекеттік сатып алуларға қатысамын деген тасымалдаушылар қатары артқан. Әрқайсысы өз қызметін ұсынып әлек. Бірақ көпшілігі қателікке жиі бой алдырады.

 

Марат Сәрсенбаев, СҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

-Қазір мемлекеттік сатып алулар электронды түрде жүргізіледі. Сондықтан кез келген тасымалдаушы өз өтінішін беруге құқылы. Сол кезде кейбірі көрсетілген шартты толығымен оқымай, қателікпен еніп кетеді. Ережемен дұрыс таныспайды. Бағаны көріп, тиімді екенін көреді де келіседі. Кейін бас тартып жатады. Сондықтан біздің пайымдауымызша, кең көлемді қолжетімділік осындай қателіктерге әкелуде.

 

Заң бойынша қателік орын алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде арызданушы өз өтінішін тастау керек. Алайда, бұл ережелерде көп жағдайда сақталмай жатады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан мемлекеттік сатып алуларға қатысты заң жобасына өзгертулер енгізіліп, енді ол мерзім 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылып отыр.

 

Мағжан Ахмадина