Спорт

Солтүстікқазақстандық гір көтеруші Виктор Сайконың есімі Гиннестер кітабына енгізілді

 

Виктор Сайко шыңды бағындыру үшін шыдамдылық пен жақсы дайындық қажет дейді. Өйткені, әлемнің ең биік нүктесіне көтерілудің өзі жеңіс. Ал Виктор Михайлович жай ғана шыңды бағындырып қоймай, минутына пұт гірді 60 рет көтеріп, рекорд орнатқан. Жалпы, атлетші Гиннестің рекордтар кітабына тұңғыш рет легіп отырған жоқ. Алғашында, мықтылар оқулығына өткен жылдың күзінде еніпті. Онда жерлесіміз бір сағатта жалғыз қолмен гірді 932 рет көтерген.

 

Виктор Сайко, гір көтеру бойынша спорт шебері, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы:

-Гір спорты мен үшін өзімді тексерудің мүмкіндігі. Өйткені мен бір қолмен сағатына қанша рет гір көтеруге болатынын тексеріп, өз шамамды байқаймын. Нәтижеме келер болсам, бұл жолы Әлем, Еуразия және Еуропа біріншіліктерінде өз жас дәрежемде 18 килограмдық гірді бір сағатта 932 рет жұлқа көтердім. Ал өткен жылғы рекордтық көрсеткіш те менікі болатын. Аталмыш додада шамамен бір сағатта 17 тонна шамасында салмақ көтеріп, осы арқылы бұрын өзім орнатқан әлем рекордын жаңарта алдым.

 

Эквадордағы Чимборасо жанартауында болған гір спортынан екінші Бүкіләлемдік олимпиадаға 200-ден астам спортшы қатысыпты. Алайда биік шыңға соның 12-сі ғана жеткен. Ал оңай емес сында Қазақстан намысын жерлесіміз өзі жалғыз қорғапты. Десе де, спортшының абыройы асқақтап, көк туымызды Оңтүстік Американың шыңында желбіреткен.

 

Виктор Сайко,гір көтеру бойынша спорт шебері, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы:

-Вулкан шыңына мен көкбайрағымызды алып шықтым. Ол елімізді насихаттауымның ең бір керемет тәсілі болды. Жалпы үлкен психологиялық дайындық шыңды бағындыруға көмектеседі. Облыс басшылығы, спорт қауымдастығы менің осы сайысқа баруыма қаржылық қолдау жасады.Тамыз айында Липецкіде өтетін чемпионатқа барып, тағы рекорд орнатуға дәмелімін.

 

Алпысты алқымдап қалған Виктор Сайко аптасына 3 рет болатын жаттығуын бірде- бір рет қалдырған емес. Өйткені спорт жетістікке жетудің кепілі деп біледі.

 

Мағжан Ахмадина