Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” акциясы

 

“Жолда қабылдау” республикалық акциясы күнде өте бермейді. Сондықтан Оңтүстік жол бекетінде ұйымдастырылған шараға жүргізушілердің бірқатары қатысуға ниет танытты.

Ал, қала тұрғыны Юрий Черепанов Қазақстанская правда көшесінде қар уақытында аршылмайды дейді. Бұл қозғалысқа кері әсерін тигізетін көрінеді. Мәселені нұротандықтар шешіп береміз деді.

Осы тектес өтініштерді акцияға қатысқан “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының өкілі Абай Қайсин өз парағына түртіп алып отырды. Темір тұлпар рөліндегілердің пікір-тілектері, ұсыныстары ескерусіз қалмайды.

 

Абай Қайсин, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдаудың меңгерушісі:

-Жүргізушілер жол жаман, қардан аршылмайды, алыс жерге баратын жолдар бір-екі күнге жабылып қалады дейді. Осының бәрін біз ескерудеміз. Сонымен қатар машинаны есепке қою және оны шығару туралы құқықтық кеңес беріп жатырмыз.

 

Үстіміздегі жылы 2 айдың ішінде өңір жолдарында 31 жол- көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам апат орнында көз жұмды. 35-і жарақат алды. Ресми деректерге сүйенсек, әрбір 7 жол-көлік апатында бала өлімі орын алады екен. Оның 80 пайызы жүргізушілердің кінәсінен кеткен. Сонымен қатар әкімшілік полиция өкілдері жүргізушілерге автокөлікті қараусыз қалдырмауды ескертіп жатты. Өткен жылы СҚО аумағында қылмыскерлер 14 мәрте автокөлік айдап әкеткен. Және ішіндегі құралды ұрлау бойынша 168 факт тіркелді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлықтар тек автокөлік салондарында ғана емес, қоғамдық орындарда да өршіп кетсе керек. Аталған жағдайлардың алдын алу үшін жол сақшылары жүргізушілерге қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратты.

 

Берік Қасен