Қоғам

“Қызылжар су” көктемгі тасқын суға әзірленуде

 

«Қызылжар су» ЖШС мамандары су тасқынына ерте бастан қамданыпты. Қар шығару жұмыстары жүргізіліп, керек материалдар қорын алған.

 

Арман Сауытов, «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:

– Суды тазартуға арналған химиялық реагенттер алынды. Хлор қоры мен коагулянттың 240 тоннасымен қамтылдық. Жанар-жағармайдың қажетті мөлшері бар. Біз үшін ең қауіпті аймақ болып саналатын жер ол 1-ші станция. Есіл өзені арнасынан шыққанда ол жерде төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Қазір қорда катер бар. Алда-жалда апат орын алса, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіреміз.

 

Жаман айтпай жақсы жоқ. Төтенше жағдай орын ала қалса, мұнда 30-ға жуық техника апаттың алдын алуға даяр.

 

Арман Сауытов, «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры:

-Техника 100 пайызға даяр. 9 экскаватор, 3 бу қондырғысы, 3 асенизаторлық машина, КАМАЗ негізінде жасалған канал тазалағыш 2 көлік және 4 сорғыш құрылғы жасақталған.

Ағын сулар жиылатын бөгеттердің жолдары тазаланып, су мөлшері төмендетілген. Мұнымен қоса кәсіпорын Биопруд және Омутки су бөгеттерін жөндеуге биылғы жылы 333 млн теңгеден астам қаржы жұмсапты.

 

Мағжан Ахмадина