Қылмыс

Петропавлда есірткі сатушы ұсталды

 

Жедел ақпараттың арқасында бұл істің де ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері мен “Арлан” арнайы тобының жауынгерлері күдіктіні қылмыс үстінде ұстады.

 

Қабира Мұхамбетова, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарма инспекторы:

-Сезікті ұстау барысында ол автокөліктің есігі мен терезесін жауып, қарсылық көрсетуге тырысты. Бірақ, ол ұсталды. Көліктің артқы орындығынан сату үшін дайындап қойған 25 стақан марихуана табылды.

 

Полицейлер, сондай-ақ, гараждың ішінен есірткіге толы үш пакет пен қару алып шыққан. Тәркіленген заттың салмағы 12 келі 400 граммды құрайды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді, жұмыссыз жүрген саудагерсымақтың тауарды қайдан алғаны анықталуда. Бір стақан марихуананың құны қара базарда 7 мың теңге тұрады екен. Бұрын басы істі болмаған азамат енді 10 жылдан 15 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз айналымнан 30 келі есірткі тәркіленген.

 

Данаш Хамзина