Агроөнеркәсіп кешені: жетістіктер мен жоспарлар

Ауыл шаруашылығы

15:30 13 Наурыз 2014

Өңіріміздің ауыл шаруашылығы жыл өткен сайын дамып келеді. Жергілікті диқандар былтыр 5 млн тонна бидай жинап алды. Бізде өсірілген сары алтын үлкен сұранысқа ие. Өйткені, жыл сайын облыстағы агроқұрылымдар 1,5-2 млн тонна бидайды экспорттайды.

Серікбай Тұралинов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Жетістіктер мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болды. Өткен жылы ауыл шаруашылық өнімін өндіруге “ҚазАгро” АҚ 32,2 млрд теңге бөлді. Ауыл шаруашылық құрылымдарына 9,3 млрд теңге субсидия бағытталды. Соның ішінде өсімдік шаруашылығына 6,7 млрд, мал шаруашылығына 2,6 млрд теңге. Жалпы аймақтық ішкі өнімнің 30 пайызы аграрлық секторға тиесілі.

Былтырғы жылы облыстағы агроқұрылым кешеніне заманауи 1187 бірлік техника алыныпты. Бұған 17,3 млрд теңге жұмсалынған. Сонымен қатар өткен жылы сыйымдылығы 123,4 мың тонналық 7 элеватор іске қосылған. Агроөнеркәсіп саласындағы жоспарлар да ауқымды. Биылғы жылы егістік алқап 4 млн 370 мың га жетіп отыр. Серікбай Тұралинов көктемгі егін себу науқанына дайындық барысын да сөз етті.

Серікбай Тұралинов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– 3 млн 522 мың га аумаққа бұршақ пен бидай егіледі. Майлы дақылдардікі 480,1 мың га құрамақ. Сонымен қатар, картоп, жеміс-көкөністер егілетін аумақта дайын.

Бұдан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Арнамыздың тілшісі Ирина Панфилова өңірімізге ағымдағы жылы қанша ірі қара мал жеткізілетінін сұрап білді.

Бұдан кейін журналистер ет әлеуеттін арттыру жайын сұрады.

Гүлмира Тасболатқызы, КТК арнасының тілшісі:

– Малдан туған төлді сату жағында проблема бар ма? Мал шаруашылығын дамытуға ынтасы бар ма?

Сонымен қатар тілшілер өңірімізде фермерлік шаруашылықтарды дамыту, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға жарату сынды сұрақтарға жауап алды.

Бану Ахметова

Бұдан әрі оқыңыз

Диқандар 4,8 млн тоннадай дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинады
Биыл өңірде 80-нен астам мал ұрлау фактісі тіркелген