Құқық қорғау органдары

“Пара жайында хабарла” акциясы

 

«Семейный» заңғар дүкеніне адамдар, әсіресе, түс кезінде көптеп келе бастайды. Қаржы полицейлерінің “Пара жайында хабарла” атты акцияны өткізу үшін дәл осы уақытты таңдаулары тегін емес. Міне, мынау – 100 долларлық ақшаның жасанды үлгісі. Бірақ, мұнда байқасаңыздар шын банкноттағыдай Бенджамин Франклиннің суреті жоқ. Оның орнында темір тордың ар жағында отырған адам бейнеленген. Осылайша, қаржы полицейлері жемқорлыққа жақын болудың өкінішті салдарын көрсетуге тырысқан.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

-Мында қызметкерлердің ұялы телефондары жазылған. Егер сыбайлас жемқорлыққа кезіккен жағдайда осы естелік қағазда жазулы нөмірлерге хабарласуға болады.

 

Ал, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы қаржы полициясына хабарласқан азамат 30-100 АЕК көлемінде ақшалай марапатталады.

Мұндай үнпарақтар дүкенге кіргендердің барлығына дерлік таратылды. Ерекше өтіп жатқан шара тұрғындардың қызығушылығын тудырды.

 

Мұндай үнпарақтар 2 мың данамен басып шығарылыпты. Пайдалы ақпарат тарату акциясы Петропал қаласындағы барлық сауда үйлерінде, салық басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталығында да өткізілмекші.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 28  факті тіркелген. Соның 8-і – парақорлыққа байланысты.

 

Данаш Хамзина