Қылмыс

Петропавлда 11 елікті заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

Тәртіп сақшылары наурыздың 10-ы күні жүргізген рейд барысында 11 еліктің заңсыз атылғанын анықтады. Полицейлердің назарына “Ямаха” қарда жүретін көлігінің ішінде отырған екі жігіт іліккен. Бірі оқиға орнында ұсталса, екіншісі қылмыс болған жерден ізін суытпақ болған. Бірақ, алыстай алмапты. тергеу кезінде бұл екеуінің қылмысқа қатысы бары анықталды.

Оқиға орнын тексеру барысында ерекше қорғалатын жануарлар 16 калибрлі ИЖ-58 аңшы мылтығымен атылғандығы мәлім болды. Және қару күдіктілердің атына тіркелмеген. Сібір еліктерін атқан екі азамат жануардың етін өзара бөлісіп те үлгерген екен.

 

-Таңертең сағат 7-де Смирнов мемлекеттік қорығының аумағына аң аулауға шықтым. 11 елік атып алдым.

 

Рұқсатсыз саят құрып, түз тағысына оқ атқандар тегін етке қарық болу үшін қолымызға қару алдық деп ақталуда. Қазір браконьерлер мерт қылған еліктің еттері ветеринарлық сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Айыпталушылар 2 -ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Бану Ахметова