Спорт

Дәрігерлер теннистен жарысты

 

Медицина қызметкерлері арасындағы жарыс кезекті спорт түрі үстел теннисінен ұйымдастырылды. Сайысқа түскен ойыншының бірі – Бақытжан Бугумбаев. Ол қолы бос уақытында теннис ойнағанды жөн санайды. Бүгін 4 кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліс тапса, қалған екеуінде қарсыласын ұтты.

Ал Ақиіс Ғалымова 3 қалалық емхананың намысын арқалап келген. Нәзікжанды үстел теннисін мектепте оқып жүрген кезінен-ақ меңгеріп алған екен. Бұл бұрымдының сүйікті спорт түрі.

 

Ақиіс Ғалымова, №3 қалалық емхананың мейірбикесі:

-Теннисті 7 сыныптан бастап ойнап келе жатырмын. Осы уақыт аралығында түрлі жарыстарға қатыстым. Өз басым салауатты өмір салтын ұстанатындықтан спортқа жаным жақын. Сайыстағы қарсыласым да мықтылығын көрсетті. Алда әлі кездесулер бар.

 

Теннис ойындарына 20 командадан құралған 60 медицина мамандары қатысуда. Әр команда құрамында 2 ер және 1 әйел адамнан.

 

Данияр Жолдаспаев, Петропавл қалалық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-Дәрігерлер екінші рет тартысқа түсіп жатыр. Бағдарламада 8 спорт түрі қамтылған. Жалпы біздің басты мақсатымыз – бұқаралық спортты кеңінен насихаттау болып табылады.

 

Медицина қызметкерлері арасындағы келесі жарыс сәуір айында шахматтан өтпек.

 

Бақыт Сәдуақасов