Спорт

ҚР аймақтық біріншілігінде солтүстікқазақстандық боксшылар 15 медаль жеңіп алды

Бокстан жасөспірімдер арасында өткен ақтық сында 40 жұп қолғап түйістірді. Барлығы да сайдың тасындай іріктеліп, жарысқа жіті дайындалған. 32 келі салмақта жұдырықтасқан Талғат Сырымбетов үшін бұл сайыс өте маңызды. Бокспен 6 жыл қатарынан айналысып жүрген қарағандылық спортшы келешегінен үлкен үміт күттіреді.

ҚР-ның аймақтық біріншілігінде барлығы 130 боксшы қатысты. Онда Павлодар, Қостанай, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстанның былғары қолғап шеберлері қолғап түйістірген болатын. Араларында қарағандылық спортшылардың деңгейі жоғары көрінеді.

Турнирде солтүстікқазақстандық былғары қолғап шеберлері тартысты кездесу өткізіп, 15 -і жүлдегер атанды. 5 спортшы 1-ші  орынды иеленді. Төрешілер 2-ші орынға 4 жерлесімізді ылайық деп таныды.  Ал 6 спортшы 3-ші орынды қанағат тұтты. Келесі жарыс наурыздың 15 мен 21 аралығында Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында өтпек.

 

Бақыт Сәдуақасов