Мәдениет

“Дін мен дәстүр” кітабы таныстырылды

 

“Дін мен дәстүр” атты кітаптың тұсауы көпшілік алдында кесілді. Оқырман қауымға жол тартқан туындыда дін мен қазақ халқының салт-дәстүрі толықтай қамтылған. Кітапқа баға беретін халық болғандықтан, жиналғандар туындыға қатысты өз ойларын білдірді.

 

Жиында дінді дұрыс түсінбей, теріс жолға түскен қазақ жастарының жайы да қозғалды. Осы тұста қалың оқырманға жол тартқан мына жинақтың кейінгі буынға тәрбие тұрғысында берері мол. Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету, шыншылдық, адалдық қасиеттерді баланың бойына дарыта отырып тәрбиелеу бағытында, ата-анаға жол нұсқайды дейді зиялы қауым өкілдері.

Туынды 10 000 таралыммен жарыққа шықты. Автор алдағы уақытта оқулықтың екінші бөлімін жазуды қолға алмақшы.

 

Бақыт Сәдуақасов