Мәдениет

Петропавлда опера жұлдыздарының концерті өтті

 

Музыка құдіретін жақсы түсінетін нәзік жандар үшін бұл кеш 8 Наурызға арналған тамаша сыйлық болды. Театрға шетелдік өнер майталмандарының орындауындағы классикалық музыканы тыңдап, құлақ құрышын қандыруға жүздеген көрермен келді.

Шығармашылық бағдарламаның бірінші бөлігінде әртістердің әрбіреуі зал толы халыққа танымал туындылардың үзіндісінен жинақталған сәлемдемесін ұсынды.

Сахнаға 6 опера жұлдызы шықты. 3-уі – тенор, 3-уі бас дауысты. Концерт әншілер арасындағы жарыс сипатында өтті. Мұндай өнер сайысы 19 ғасырда пайда болса керек.

 

Антон Новиков, «Таланты мира» қорының директоры, Мәскеу қаласы:

-Бұл – “Таланты мира” қорының көркемдік жетекшісі және президенті Давид Гвинианидзенің авторлық жобасы. Ол адамдардың классикалық музыкаға деген құмарлығын арттыруға арналған. Кеш тенор мен бас дауысты өнерпаздардың сайысы түрінде өтеді.

 

Негізгі шығармашылық бәсеке концерттің екінші бөлігінде. Сахнаға бірінші болып 3 тенор шықты. Олар вокалдық шеберлігімен ғана емес, әртістік өнерін де ортаға салды. Ереже бойынша екі жақ та деңгейімен бір-бірінен кем болмауы тиіс.

Ерекше нақышта өткен концерт өнерсүйер солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты.

 

Берік Қасен