Көлік және жолдар

Петропавлда 1300 көлік иесі салық төлеуге асығар емес

Осы күні Петропавл қаласы бойынша 38 мың 347 автокөлік тіркелген.  Олардың арасында көлік салығын төлемей, жалтарып жүрген азаматтар да бар. Осыған орай фискалды орган мамандары борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында рейд ұйымдастырды.

 

Данияр Ералин, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы:

-Салық қызметкерлері сотқа 155-тен астам 13 млн теңгенің талап-арызын жіберді. Нәтижесінде 151 сот шешімі шығарылып, 12 млн теңгенің талап-арызы қанағаттандырылды.

 

Арнайы рейд кезінде борышын өтемеген көлік иелері табылмады. Тоқтатылған көліктердің салығы уақытымен төленген екен.

 

– Мен көлік салығын өткен жылы төлеп, құтылдым. Ешкімге борышым жоқ.

– Жүргізушілерге берер кеңесім көлік салығын уақытылы төлеңіздер. Сонда ұйқыларыңыз тыныш болмақ.

– Салықты жыл сайын мерзімінде өтеймін. Сосын қорықпай көлікке отырамын.

 

Құзырлы орган қызметкерлері көлік салығын төлеуге асықпайтын азаматтарға берешектерінен тездетіп құтылуға кеңес береді.

 

Бақыт Сәдуақасов