Қоғам

Өрт сөндірушілер Елбасы Жолдауын талқылады

Облыста өткен жылы 746 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудан келген шығын 322 млн теңгені құраған. 16 адам өрт құрбаны болды. Оның ішінде 3-еуі бала. Елбасының жолдауын жүзеге асыруға әр азамат өзінің үлесін қосуы тиіс. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген

өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы генерал-майор Серік Әубәкіров осы тұрғыда, құтқарушыларға жұмысты сапаландыру керектігін ескертті. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Төтенше жағдайлар қызметінің метериалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Бастысы, мамандар өз қызметтеріне сай болуы тиіс.

 

Серік Әубәкіров, ҚР ТЖМ Өртке қарсы күрес комитетінің төрағасы:

– Жолдау жүктеген міндеттерді бәріміз бір адамдай орындауымыз керек. Елбасы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасын бізге жүктеген еді. Осы мақсатта қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Төтенше жағдайды болдырмай, оның алдын алуға жұмыс жасауға тиіспіз.

 

Жиында облыс құтқарушылары атқарылған жұмыстарға есеп берді. Өңірлік департамент басшысының сөзіне қарағанда бұл салада алға басушылық бар.

 

Серік Дүйсембеков, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі” ММ басшысының орынбасары:

– Құтқарушылардың сапалы жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Өткен жылы 12 өрт сөндіру бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қажетті құрал-жабдықтар да уақытылы жаңартылып тұрады.

 

Облыс  құтқарушылары жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға бір кісідей атсалысып жатырмыз дейді.

 

Әсия Баталова, СҚО ТЖД құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы:

-Елбасының жолдауын насихаттау бойынша жиындар өткізілді.

 

Өңірімізге Елбасының жолдауын насихаттауға келген генерал-майор Серік Әубәкіров жұртшылықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап беру үшін қоғамдық қабылдау өткізетінін айтты.

 

Бану Ахметова