Энергетика

Инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның орындалуы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті

 

2-ші ЖЭО 2013 жылы 612 млн теңгенің инвестициялық бағдарламасын орындады. Онда құрылғылардың жұмыс істеу сапасын арттыру, шығынды азайтып,  энергияны үнемдеуге басымдық берілген. Монополист қолданыстағы құрылғыларды жаңғырту мен жөндеуге қаражаттың негізгі бөлігі жұмсалды деп отыр. Бұның негізінде кәсіпорын техникалық-экономикалық бірқатар көрсеткіштерін оңалтыпты. Құбырларда болатын апаттық жағдайлар азайған.

 

Виктор Бармин, 2-ші ЖЭО директоры:

– Былтырғы жоспарланған жұмыстардың барлығы толығымен орындалды. Энергия беру қуаты артып, көмір шығыны азайды. Былтырғы жылы сонымен қатар желтоқсан айында жаңа трубинаны қойдық. Және 7 қазандықты іске қостық.

 

“СевКазЭнерго” АҚ экология мәселелеріне көп көңіл бөледі. Қоршаған ортаға ластағыш заттардың бөлінуін азайту мақсатында барлық станциялық жылу қазандығы агрегаттарында 2-ші буын титан эмульгаторлары орнатылған. Осының арқасында зиянды заттардың бөлінуі 6 есе азайып, газ түтінін тазалау коэффициенті 100 пайызға жеткен.

 

– Соңғы жылдар сіздердің жұмыстарыңыздың сапасы біраз жақсарып қалғандығы мәлім. Дегенмен 2014 жылы алға қойған жоспарларыңыз бен жобаларыңызды іске асыруға теңгенің құнсыздануы әсерін тигізе ме?

 

Виктор Бармин, 2-ші ЖЭО директоры:

– Теңге курсының өзгеруіне қатысты мәселе туындайтыны жасырын емес. Дегенмен біз атқарылатын істің жартысына келісім-шарт жасасып қойдық. Қазір жоспарланған көлемді орындап, келесі қысқа дайындықты ойластырып жатырмыз. Сондықтан 5 қазандық жөнделіп жатыр. Біздермен келісім шарт жасасқан кәсіпорындардың кейбірі келісім- шарттарын бұзуда. Сондықтан алдын ала болжамдар айту қиын.

 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өңірлік департаментінің өкілдері жағдайды үнемі бақылап отырады.

Алдағы уақытта 2-ші ЖЭО 8 қазандықты іске қоспақ. Ал биылдыққа жарық пен жылудың тарифі өзгермейді.

 

Бану Ахметова