Білім

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен білім беру саласындағы заң бұзушылықтар

 

Ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық жүйеде прокуратура органдары  117 тексеріс жұмыстарын жүргізілген. Нәтижесінде 2 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталған. Солардың бірі Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде орын алған. Бірқатар мемлекеттік қызметкерлер бармақ бастылық, көз қыстылыққа жол беріп, ел қазынасына 1 млн теңгеден астам шығын келтірген.

 

Арман Нұртазин,облыстық прокуратураның 1-ші басқарма басшысы:

– Прокуратура органдары жүргізген тексеріс жұмыстары барысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіріліп алған пәтердің ақысы төленбеген. Ал Уәлиханов көшесі бойындағы осындай бір үйдегі пәтерлердің бірінде мемлекеттік қызметкерлер баспана құны өтелді деген жалған түбіртек жасаған. Осыған қатысты қазіргі күні қылмыстық іс қозғалды.

 

Заңбұзушылықтар білім саласын да айналып өтпеген. Айталық, Петропавл қаласындағы құрылыс колледжінде өткізілген тексеріс барысында ұстаздардың көбі істемеген жұмыстары үшін жалақы алып келген. Мұнда жария болған тағы бір оқиға, ол оқу ордасында 50-ші 60-шы жылғы туылған адамдар оқитын болып шыққан. Сөйтіп, бұл істі баяндаған қадағалаушы орган өкілдері 60- ан асқан студенттер колледжде оқып жүріп, шәкіртақы алып келеді деп айды аспанан бір-ақ шығарды. Нәтижесінде жалған студенттерге бөлінген стипендия қазынаға 1,5 млн теңге сомасыннда шығын келтірген.

 

Қонысбек Ибраев,Петропавл қаласының прокуроры:

– Бұл фактілерге қатысты оқу ошағының директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Директордың орынбасарлары да сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жауап беретін болады. Ал студенттер жауапкершілікке тартылмайды.

 

Нақ осындай бюджет қаржысын жымқыру фактілері Тайынша аудандық агробизнес колледжінде де анықталған. Онда келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрап отыр.

 

Мағжан Ахмадина, тілші:

-Өткен брифингте прокуратура өкілдері қаржы полицейі Жандос Ахметовтың өліміне қатысты шешімді 20 күн ішінде жариялаймыз деп айтқан болатын. Алайда міне, 1 айдан астам уақыт өтті. Бұқараны толғандырған істің ақ-қарасы әлі анықталған жоқ. Жабулы қазан, жабулы күйінде.

 

Мағжан Ахмадина