Қоғам

Петропавлдық аруларды қала әкімі Төлеген Закариянов құттықтады

 

Көктемнің шуақты күндерімен келетін алғашқы мерекелердің бірі  – 8 Наурыз халықаралық әйелдер мейрамы. Бұл күні нәзік жандыларға қандай тілек айтсаң да артық етпейді. Өйткені әйелдер өмірдің діңгегі, отбасы, ошақ ұйытқысы. Залда алтын алқа иегерлері, түрлі саланың тұтқасын ұстап жүрген 11 нәзік жанды бұл күні сыйлық пен әдемі гүл шоқтарына ие болды. Мерекемен аруларымызды қала әкімі Төлеген Закариянов құттықтады.

 

Төлеген Закариянов,Петропавл қаласының әкімі:

-Көңілдеріңізге көктем шуағындай нұр құйылып,дендеріңіз сау болысн. Мерекелеріңізбен құттықтаймын.

 

Марапатқа ие болғандардың бірі 12 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген Мәрия Қарымсақова. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған 76 жасар әжей – балаларының мақтанышы. Алтын құрсақты ана осындай жарқын мейрамда марапатқа ие болғанына қуанышты.

 

Мәрия Қарымсақова, “Алтын алқа” иегері:

-Бүгін міне қала әкімінен осындай алғыс хат алып отырғаныма қуаныштымын.Барлығын мерекемен құттықтаймын.

 

Жиын соңында барлық нәзік жандылардың құрметіне аналар жайлы әдемі ән тарту етілді.

 

Мағжан Ахмадина